Accessibility links

Обама Бахрейн үкіметіндегі өзгерістерге қолдау білдірді


АҚШ президенті Барак Обама Бахрейн үкіметіндегі ауыс-түйістерге қолдау білдіріп, жаңа үкіметті адам құқықтарын құрметтеуге шақырды.

Екі аптаға жалғасқан наразылық шерулерінен соң Бахрейн королі Хамад бен Иса әл-Халифа жексенбі күні үш министрді қызметтен босатты.

Өткен аптада шеруді қуып тарату кезінде жеті адам қаза тапты. Ел астанасы Манама қаласының орталық алаңында шерушілер әлі тұр.

Елдегі тұрғындардың көпшілігін құрайтын шииттер негізінен сүнниттерден жасақталған үкіметтің жүргізіп отырған саясатына наразы.

Бахрейнде АҚШ-тың әскери базасы орналасқан.
XS
SM
MD
LG