Accessibility links

«Король сөйлейді» фильмі ең үздік шығарма ретінде «Оскар» сыйлығына ие болды


Британдық «Король сөйлейді» фильмі жылдың ең үздік шығармасы деп танылып, «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Киноны түсірген Том Хупер ең үздік режиссер, ал фильмде басты кейіпкер – британ королі VI Георгтің ролін сомдаған актер Келин Фёрт – ең үздік актер деп танылды.

Балет өнері туралы түсірілген «Қара қу» фильмінде басты рөльде ойнаған Натали Портман жылдың ең үздік актрисасы атағына ие болды.

Америкалық киноакадемияның дәстүрлі сыйлығы таңдаулы фильмдер мен актерлерге осымен 83-ші рет беріліп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG