Accessibility links

Әмір Мұса Египеттегі президент сайлауына қатысуға ниет білдірді


Араб елдері лигасының Бас хатшысы Әмір Мұса Египеттегі президент сайлауына қатысатын ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы жексенбі күні Египеттің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Ақпанның 11-і күні Египет президенті Мүбәрәк отставкаға кеткен соң бірнеше сағаттан кейін Әмір Мұса Араб елдері лигасының Бас хатшысы қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол Египеттің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болып істеген.

Египетте билікті уақытша өз қолына алған жоғарғы әскери кеңес сарапшылар дайындаған конституциялық өзгерістер туралы заң жобасын мақұлдады. Енді жоба бүкілхалықтық референдумға ұсынылады. Жобада Египет президенті 4 жылға сайланады және екі мерзімнен ұзақ билікте отырмайды деп белгіленген.

Егер халық референдумда жобаны қолдаса, онда Әмір Мұса сияқты қандай да бір саяси партиямен немесе топтармен байланысы жоқ тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуы жеңілдей түспек дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG