Accessibility links

«Зұлымдық мекені» – Қазақстанның айнасы ма?


Голливуд әртісі Милла Йовович.

Голливуд әртісі Милла Йовович.

Өткенде, кинотеатрға барып, әлемге әйгілі Голливудте түсірген төрт бөлімнен тұратын «Зұлымдық мекені» атты кинофильмді көріп, жағамды ұстадым.

Режиссер Пол Ульям Скотт Андерсон фантастика, зұлымдық, ұрыс-соғыс (боевик), триллер жанрларын араластыра отырып, кинофильмді әсерлі етіп, аса шеберлікпен түсіріпті. Киноның барлық бөлімдері маған қатты ұнады. «Зұлымдық мекені» фильмнің әсерлілігі сонша, маған бұл фильмнің мән-мағынасы біздің елге лайықтап түсірілгендей бопып көрінді. Себебі актриса Милла Йовович ойнаған Элис атты кейіпкер маған қазақтың батыр қызы секілді елестеді. Осы фильмдегі бойларын жадылық жайлаған саясаткерлер мен прагматик ғалымдар басқарған «Амбрелла» корпорациясын бүгінгі Қазақстандағы басшылық жасаған саясаткерлерге теңедім.

Жалпы, адамзатқа қарсы зұлымдық жобаларын ойлап тапқан «Амбрелла» корпорациясы адам баласын жаппай жойып, олардың орнына жетілген, тіл алғыш жасанды жаратылған клон жандармен жаһанды толтыру мақсатында құпия ғылыми тәжірибелер жүргізеді. Тірі адамдарға жасаған биологиялық ғылыми тәжірибелері жүзеге аспай, соның кесірінен жер бетіне қарқынды жылдамдықпен тараған «Т-вирусы» адамдарды тірі өліктерге (зомбиларға) айналдырады. Сол індетке уланған құбыжықтарды мен еліміздегі ана тілінен ажырап қалған шала қазақтарға ұқсатамын.

Шіркін, батыр қыз Элис кинодағыдай қолына бес қаруын асынып, бізді еліміздегі мәңгүрт құбыжықтардан құтқарып, «Амбрелла» корпорациясын жойса деп бір сәт қиялға батамын...

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG