Accessibility links

Йеменде наразылық шарасы өтті


Йемен астанасы Санада халық көшеге шығып, президент Әли Абдулла Салехтің отызжылдық билігіне наразылық танытты.

Салехтің қарсыластары Сана университетін қала орталығындағы алаңмен байланыстыратын көшеде жиналды. Бұл жерде бір аптадан астам уақыттан бері студентер мен демократияшыл шерушілер наразылық шарасын ұйымдастырып келеді.

Салех Йемен мен басқа да Араб елдеріндегі шерулерді Израиль қаржыландырып жатыр деп айыптап, АҚШ президенті Барак Обаманы наразылық танытушыларға қолдау білдіргені үшін сынады.
XS
SM
MD
LG