Accessibility links

Кот-д'Ивуарға заңсыз әскери техника сатылғанына әзір дәлел жоқ


БҰҰ Африкалық Кот д’Ивуар мемлекетіне қару-жарақ пен әскери техника сатуға салынған тыйымның бұзылғаны туралы ақпараттың шындық екеніне әзірге дәлел таба алмай отыр.

Бұл туралы мәлімдеген БҰҰ баспасөз қызметінің өкілі Мартин Несирски сарапшылар әлгі ақпаратты тексеруді жалғастырып жатқанын айтты.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның дүйсенбі күні таратылған мәлімдемесінде «Беларусь елі Кот д’Ивуарға енгізілген эмбаргоны бұзып, ол елде биліктен кетпей отырған Лоран Гбагбоның жақтастарына үш тікұшақ сатқан болуы мүмкін» деген ақпарат айтылған еді. Ресми Минск бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Кот д’Ивуарды ұзақ жылдар басқарып келген Гбагбо былтыр қарашада өткен президенттік сайлаудағы жеңілісінен кейін де биліктен кетпей отыр. Ол сайлауда оппозициялық кандидат Аллан Уаттараның жеңісін халықаралық қауымдастық мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG