Accessibility links

Махмуд Ахмадинежадтың көлігі 2,5 миллион долларға сатылды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың «Пежо» маркалы автокөлігі сейсенбі күні өткізілген қайырымдылық аукционында сатылды.

Иран ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көлікті бір иран азаматы екі жарым миллион долларға пара-пар ақшаға сатып алған. Әлгі адамның аты-жөні айтылмайды.

Бұған дейін Ахмадинежад көлікті сатудан түскен қаржы баспанаға мұқтаж кедей отбасыларына жәрдем беруге жұмсалатынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG