Accessibility links

Батыс елдері Каддафиге қарсы әскери күш қолданылуы мүмкін екендігін ескертеді


Батыс мемлекеттері Ливияның ұзақ жылдар басқарып отырған Муаммар Каддафиге наразылық танытып жатқан бейбіт тұрғындарды биліктің жазалауынан қорғау мақсатында Каддафиге қарсы әскери күш қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сейсенбіде АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс америкалық бірнеше әскери кеменің Ливияны бетке алып жүзіп бара жатқанын растады. Бірақ ол әзірге НАТО елдері тарапынан Ливияға әскер кіргізу туралы ешқандай келісім жоқтығын атап айтты. Ондай бұйрықты президент Барак Обама да бермеген.

Канада 200-ден аса әскері мен тікұшағы бар шолушы кемесін сәрсенбіде Ливия жағалауына жіберетіні туралы елдің премьер-министрі Стивен Харпер мәлімдеді. Оның сөзінше, кеме Ливиядан шетелдіктерді алып шығуға жәрдемдесуге бара жатыр. Канада қорғаныс министрі Питер Маккей егер Ливияға қарсы халықаралық санкция жарияланған жағдайда канадалық кеменің іс-шараларға қатысуы мүмкін екенін айтты.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Каддафиге қарсы әскери күш қолдану мүмкін екенін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Ресей мен Франция "әскери операция тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті мандаты болғанда ғана жүргізілуі керек" деген ұстанымды қолдап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG