Accessibility links

АҚШ-тың әскери кемелері Суэц каналына кірді


АҚШ-тың екі әскери кемесі бүгін Суэц каналына кіріп, гуманитарлық дағдарысқа ұшыраған Ливия жағалауына аттанды. Бұл африкалық елде Муаммар Каддафидің қолдаушылары мен оған қарсы күштердің арасында қақтығыстар жалғасып жатыр.

Соңғы хабарларға қарағанда, Каддафидің жақтастары Брегадағы негізгі мұнай терминалын өз бақылауына алып, көршілес Аждабия қаласын бомбылаған.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі мекемесі Ливия мен Тунис шекарасында аса күрделі жағдай қалыптасып отырғанын хабарлаған болатын. Соңғы он күнде Ливияны 70 мыңнан астам адам тастап шыққаны айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG