Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 5 адам мерт болды


Кабулдың оңтүстігіндегі Логар уәлаятында бомба жарылып, төрт ауған сарбазы мен олардың аудармашысы опат болған.

Уәлаят әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дин Мохаммад Даруештің айтуынша, Чарх ауданында АҚШ күштерімен бірге күзетшілікте болған әлгі сарбаздардың көлігіне сәрсенбі күні шабуыл жасалған.

Сонымен қатар Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Кунар уәлаятында НАТО-ның шабуылынан бірнеше бала мерт болды деп хабарлады полиция басшысы. Сейсенбі күні кешке НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштері Кунар уәлаятындағы шабуылдан қаза болғандардың арасында қарапайым азаматтар бар деген ақпаратты тексеріп жатқандарын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG