Accessibility links

Ауғанстанда 9 баланың өліміне қатысты наразылық шеруі өтті


Ауғанстандағы ауыл тұрғындары Кунар уәлаятында НАТО шабуылынан тоғыз баланың қаза болуына наразылық танытты.

Шерушілер АҚШ пен ауған үкіметіне қарсы ұрандар айтты. Полицияның хабарлауынша, сәрсенбі күнгі шеру бейбіт жағдайда өткен.

Жергілікті ресми өкілдердің айтуынша, тау жақта жүрген 7-9 жастағы балаларды НАТО күштері бүлікшілер деп ойлап нысанаға алған.

Ауғанстандағы АҚШ жетекшілігіндегі күштердің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус бұл оқиғаға байланысты өзінің қатты өкініп отырғанын мәлімдеді. Ауғанстан президенті Хамид Карзай қателікпен қарапайым азаматтардың өлтірілуі тоқтатылуы тиіс деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG