Accessibility links

Египетте «Мұсылман бауырлар» қозғалысының екі қайраткері бостандыққа шықты


Египетте бес жыл бойы қамауда отырған «Мұсылман бауырлар» қозғалысының белгілі екі қайраткері түрмеден шықты.

«МЕНА» агенттігінің хабарлауынша, «Мұсылман бауырлар» қозғалысының негізгі идеологы мен стратегтерінің бірі Хайрат аш-Шатер және ұйымның басты қаржыгері, бизнесмен Хасан Мәлік «медициналық себептермен» босатылған.

Бұдан үш аптадай бұрын Египет халқының жаппай наразылық акциясы нәтижесінде елді отыз жылға жуық басқарған президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетті. Елдегі билікті уақытша қолға алған әскери кеңес тез арада жаңа Конституция жобасын әзірлеуге, жаңадан сайлау өткізуге уәде берген.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG