Accessibility links

АҚШ-та «Уикиликске» құпия құжаттар берген деген күдіктіге қосымша айыптар тағылды


«Уикиликс» сайтына АҚШ үкіметінің құпия құжаттарын берген деген күдікпен қамауда отырған америкалық әскери қызметші Брэдли Мэннингке 22 баптан тұратын қосымша айыптар тағылғаны хабарланып отыр.

Атап айтқанда, оған Ирак пен Ауғанстандағы операциялар туралы құпия деректерді заңсыз көшіріп, жария еткені үшін айып тағылған. Әскери басшылық бұндай іс-әрекеттер «АҚШ дұшпандарына жәрдемдесу» деп бағаланатындығын айтып отыр.

Егер Мэннингтің айыбы дәлелденсе, ол өмір бойына түрме жазасына кесілуі мүмкін. 23 жастағы Брэдли Мэннингті АҚШ билігі Вирджиния штатындағы әскери-теңіз базасында ұстап отыр.

Ал «Уикиликс» сайтының негізін қалаған Джулиан Эссанж Мэннингті танымайтындығын айтады.
XS
SM
MD
LG