Accessibility links

Пәкістан соты қамаудағы америкалықтың ісін алдағы аптада қарайды


Пәкістан соты екі адамды атқан америкалықтың ісін қарауды наурыздың 8-іне қалдырды.

АҚШ азаматы Раймонд Дэвистің ісіне байланысты Вашингтон мен Исламабадтың қарым-қатынастары шиеленісе түскен болатын. Дэвистің айтуынша, ол қаңтардың 27-сінде Лахорда өзін-өзі қорғау үшін екі пәкістандықты атып алған. Пәкістан прокурорлары Дэвисті адам өлтіру айыбы бойынша соттауды көздеп отыр.

АҚШ Дэвистің дипломатиялық иммунитеті болғандықтан тез арада босатылуы тиіс дейді.
XS
SM
MD
LG