Accessibility links


Елімізде соңғы жылдан бері заман талабына сай шетелден осы заманғы медициналық аппараттар мен жабдықтарды сатып алып, оны денсаулық сақтау саласына қолдана бастауына байланысты, «Қазақстанда бұрын мүлде болмаған медициналық аппараттар мен жабдықтардың инженері» деген жаңа мамандық пайда болды.

Алайда бұл салада бұрын тәжірибе болмағандықтан және оқу орындарында мұндай мамандықты оқыту қолға алынбағандықтан, медтехника саласына техникалық ғылымнан хабары бар, медтехникадан хабары жоқ адамдар тартыла бастады.

Бірақ олардың қарым-қабылеті жеткілікті болмағандықтан, қолданудағы озық аппараттарға толымды, жоғары деңгейдегі сервис қызметі мен күтім шаралары толық атқарылмай, кемшін түсіп жатқаны белгілі. Сонымен қатар медтехниканы жақсы білетін мамандар болмағандықтан, шетелден жабдықтар мен аппарат сатып алуда тек сол өндіруші, сатушы елдің мамандарына арқа сүйегендіктен, экономикалық жақтан артық шығынға батып жатқан жайымыз да жоқ емес.

Тағы бір айта кетерлігі – бұл салада сервис және ремонт қызметіне байланысты қазақ тілі тұр ғой, орыс тіліндегі материалдар тисті деңгейде емес. Мен осы жақтағы кемшіліктерді толықтап, өз салама тамшыдай болса да үлесімді қосу үшін, үйренген білімімді игілікке жарату үшін өз блогымда кеңес беру айдарын ашып отырмын.

Кімде-кім медтехника саласына қызықса, білгісі келсе, сұрақтар қоюына болады. Блог арқылы шамам келгенше толық мағлұмат беруге тырысамын. Шамам келмей жатса, Жапон еліндегі ұстаздарым жауап беруге, ары қарай осы істі жалғастыруыма жан-жақты көмегін беретін болып келісіп отыр.

Сұрақ – сізден, жауап – бізден. Сіз болып, біз болып елдегі кейбір олқылықтардың орнын толтырып жатсақ, нұр үстіне нұр болар еді...

http://kokjal83.wordpress.com

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG