Accessibility links

Қазақстан Түркияға гуманитарлық жәрдем жеткізді


Жер сілкінісі салдарынан баспанасыз қалған адамдарға арналған шатырлар. Ержиш, Түркия, 25 қазан 2011 ж.

Жер сілкінісі салдарынан баспанасыз қалған адамдарға арналған шатырлар. Ержиш, Түркия, 25 қазан 2011 ж.

Зілзаладан зардап шеккен Түркияға Қазақстаннан гуманитарлық жәрдем жеткізілгені туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Эрзурум провинциясының (Түрік республикасы) әуежайына гуманитарлық жүк ретінде он орындық қысқы шатыр, жылытуға арналған 60 пеш, 300 көрпе және 300 матрас жеткізді», - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бұл жүк Қазақстан үкіметінің жер сілкінісінен жапа шеккен Түркияға гуманитарлық жәрдем көрсету туралы қабылдаған қаулысына сәйкес жеткізілгені айтылған.

Ресми деректер бойынша, Түркияның шығысындағы Ван аймағында қазанның 23-і болған 7,2 магнитудалы зілзала салдарынан 523 кісі қаза тапқан, жүздеген жан хабарсыз кетіп, 1600-ден астам адам жараланған.
XS
SM
MD
LG