Accessibility links

Ғани Қасымов Есіргепов пен Жовтисті босатуға шақырды


Президенттікке кандидат Ғани Қасымов "Алма-Ата инфо" газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов пен адам құқын қорғаушы Евгений Жовтисті қамаудан босатуға шақырды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Қасымовтың айтуынша, Есіргепов пен Жовтистен қоғамға қауіп төніп тұрған жоқ, сондықтан олар азат етілуі тиіс.

Журналист Есіргепов 2009 жылдың тамыз айында үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған «мемлекеттік құпияны заңсыз жинау және тарату», «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылды.

Ал Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис жол жүру ережесін бұзып, кісі өліміне себепкер болды деген айыппен 2009 жылдың қыркүйек айында 4 жылға түрмеге жабылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG