Accessibility links

Ертісбаев: Қазақстанда сайлауға бойкот жариялау іске аспайды


Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерммұхамет Ертісбаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау туралы кейбір саясаткерлердің үндеуі іске аспайды деп санайды. Бұл туралы ол «Экспресс-К» газетіне берген сұқбатында айтқан.

Ертісбаевтың пікірінше, «бойкот жариялауға шақырып жүргендер бейбітшілік, татулық пен келісімді жоғары бағалайтын, елдегі тұрақтылықты қымбат тұтатын көпұлтты қазақстандықтардың жанын мүлдем түсінбейді».

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-іне белгіленген.

Оппозициялық «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бұл сайлауға қатысудан бас тартты. Билікке оппозициядағы Қазақстан коммунистік партиясы, тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Ар. Рух. Хақ» және «Аман-саулық» қоғамдық ұйымдары сайлауға бойкот жариялау мақсатында «Конституцияны қорғайық» комитетін құрған.

Президент сайлауына кандидат болуы үшін өтініш берген, бірақ тиісті құжаттар тапсырмауы себепті Орталық сайлау комиссиясының ресми тіркеуінен өте алмағандардың бірі саясаткер Жақсыбай Бәзілбаев та бұл сайлауға бойкот жариялауға шақырған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG