Accessibility links

Египет премьер-министрі Тахрир алаңында мәлімдеме жасады


Египеттің жаңадан тағайындалған премьер-министрі Ессам Шараф бүгін Каирдің Тахрир алаңындағы халық алдында сөз сөйледі.

Бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк биліктегі өзінің соңғы күндерінде премьер-министр етіп тағайындаған Ахмед Шафиқ қызметінен кетуге мәжбүр болды. Осыдан кейін сәрсенбі күні Египеттің әскери басшылары Шарафтан жаңа үкімет құруды сұрады.

Тахрир алаңындағы шерушілер саяси тұтқындардың босатылуын және төтенше жағдай тәртібінің алынуын талап етті. Шараф шерушілердің талаптарын қолынан келгенше орындауға уәде берді.

Жаңа премьер Шараф бұдан бұрын Каирде Мүбәрәкқа қарсы шерулерге қосылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG