Accessibility links

"Қазақтелеком": Азаттық вебсайтын ашудағы проблемалар техникалық болған


Бүгін Азаттық радиосының Алматыдағы бюросына "Нұрсат" компаниясының бас директоры мен техникалық директоры келді. Олар біздің www.azattyq.org вебсайтымызға кіру қиындағанына қатысты проблемаларға өздерінің түсініктемесін берді. "Нұрсат" компаниясының басшылары проблемалардың техникалық болғанын, қазір Азаттықтың интернеттегі парақшасы еркін ашылып тұрғанын айтты.

Азаттық радиосының интернет сайтын ашу проблемасы тек "Нұрсат" компаниясының абоненттерінде ғана болған және олар "Акамай Технолоджис" хостеріндегі кейбір қиындықтарға байланысты туындаған делінген "Қазақтелеком" компаниясы баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 21-нен бері Қазақстанда Ааттық вебсайтына кіруде қиындықтар болған. Сонымен қатар "Азат Еуропа / Азаттық" радиосының басқа да қызметтерінің вебсайттары ашылмаған. Азаттық радиосы "Нұрсат" интернет-провайдерінің қызметін пайдаланады.
XS
SM
MD
LG