Accessibility links

Ливия билігі интернетке тосқауыл қойды


Ливияда интернетке тосқауыл қойылған. Бұл туралы интернет мәселелерімен шұғылданатын АҚШ-тың "Арбор Нетуоркс" (Arbor Networks) компаниясының мамандары хабарлап отыр.

"Гугл" (Google) компаниясының өкілдері сайт бейсенбіден бері Ливия аумағынан ашылмай тұрғанын айтады.

Ливияда елді қырық жылдан аса басқарып отырған Муамар Каддафиге бағынышты әскер мен билік режиміне қарсы бас көтергендер арасында шайқастар жүріп жатыр. Елдің басым бөлігі Каддафиге қарсыластардың қолында.

Ақпараттарға қарағанда, қаза тапқандар мен жараланғандар саны күн сайын көбейіп барады.
XS
SM
MD
LG