Accessibility links

Египеттің Александрия қаласындағы тәртіпсіздіктерде үш кісі жараланған


Египеттің солтүстігіндегі Александрия қаласында жұма күні құқық күштері мен мемлекеттік қауіпсіздік мекемесін таратуды талап етіп шеруге шыққандар арасында қақтығыс болды.

Шерушілер қауіпсіздік мекемесінің ғимаратына келе жатқанда құқық қызметкерлері оларға қарсы оқ атып үш адамды жаралағаны туралы ақпарат бар.

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, шеруге шыққандар полицияның төрт автокөлігін жағып жіберген.

Жұма күні Каирдің Тахрир алаңында жұрт алдында сөйлеген Египеттің жаңадан тағайындалған премьер-министрі Ессам Шараф халықтың қойған талабын қолынан келгенше орындауға уәде берді.

Египетте наурыздың 19-ы Конституцияға ел президентінің билігін шектеу туралы өзгертулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум өткізілмек.
XS
SM
MD
LG