Accessibility links

Қытай парламентінің кезекті сессиясы басталды


Бүгін Бейжіңде ел парламенті – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының кезекті сессиясы басталды. Онда сөйлеген Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао үкімет өз азаматтарының әлеуметтік тұрақтылығы үшін инфляция деңгейін азайту және коррупциямен күресті жалғастыру бағытында жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Вэнь Цзябаоның айтуынша, үкімет елдегі экономикалық өсім қарқыны жылына сегіз пайыздан кем болмауын қамтамасыз етуді және инфляцияны төрт пайыз шамасында ұстауды мақсат етіп отыр.

Сессия жұмысына үш мың делегат қатысып отыр. Бұл жиында олар елдің коммунистік басшылығынің алдағы бес жылға арналған жоспарын мақұлдауы тиіс.

Мемлекеттік баспасөз құралдарының осы аптадағы хабарларында Таяу шығыстағыдай наразылық толқуларына Қытайда жол беруге болмайтындығы айтылған еді.
XS
SM
MD
LG