Accessibility links

Қытайдың ресми басылымы Таяу Шығыстағы толқуларды сынады


Қытай мемлекеттік басылымы Таяу Шығыстағы наразылық қозғалыстарды сынады. Ресми Beijing Daily газетінің жазуынша, наразылық қозғалыстар бұл елдердің азаматтарына тәртіпсіздік пен азаптан басқа ешнәрсе әкелмеген.

Таяу Шығыстағы наразылық шерулерді азғана адамдар интернетті пайдаланып заңсыз жиындар өткізу үшін ұйымдастырған делінген аталмыш басылымда. Beijing Daily газетінің мәлімдеуінше, Қытайда мұндай қозғалыстардың болуы мүмкін емес.

Әдетте осы ресми басылым Қытай билігіндегі Коммунистік партияның көзқарасы мен пікірін және алаңдаушылығын бейнелейді.
XS
SM
MD
LG