Accessibility links

Александриядағы қауіпсіздік қызметі ғимараты босатылды


Египеттің солтүстігіндегі Александрия қаласында мемлекеттік қауіпсіздік қызметтері штаб-пәтерінің қызметкерлері эвакуацияланды. Сенбі күні елдің әскерилері ғимаратты босатуды бұйырды.

Оның алдында жұма күні наразылық танытушылар аталмыш мекемені таратуды талап етіп шеру өткізді. Наразылық танытушыларға оқ атылып, үш адам жарақат алды. Билік орындары бұл оқиғаға қатысты тергеу ісін бастады.

Адамдардың көбі осы даулы мемлекеттік қауіпсіздік қызметін 350 адамның өмірін қиған таяудағы зорлық-зомбылыққа қатысты айыптайды.
XS
SM
MD
LG