Accessibility links

Астаналық үлескерлер мен борышкерлер Үкімет үйіне барды


Астанада үлескерлер мен ипотека төлей алмай жүрген борышкерлер наурыздың 5-інде Үкімет үйінің жанына жиналды.

"Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында өзіміздің бар екенімізді тағы да бір биліктің есіне салып қояйық деп келіп отырмыз» дейді олар. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бітпеген баспанасын даулап жүргендердің дені - әйелдер.

Олар премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына жазған хаттарын үкімет кеңсесінің қабылдау бөліміне қалдырып кетті.

Баспанасын даулаушылар былтыр ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті қарсаңында 140 күн кезек-кезегімен аштық жариялаған еді. Өткен ақпан айында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов оларға мемлекеттің бір-бір пәтерден артық жәрдемдеспейтінін айтып, қалған үйлерін "алдап кеткен кеткен адамдардан" сот арқылы өндіріп алуды ұсынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG