Accessibility links

Босниялықтар Австрия ұстаған бұрынғы генералын босатуды сұрады


Босния астанасы Сараевода бес мыңдай адам көшеге жиналып, Сербиядағы соғыс қылмыстарына қатысты деген бұрынғы босниялық генералдың Австрияда қамауға алынғанына қарсылық танытып, оны босатуға шақырды.

Наразылық шарасына қатысқандар Сараево орталығына шығар алдында Австрия елшілігіне барды. Олар 1992 жылғы әскер керуенге қарсы шабуыл үшін айыпталған босниялық армия генералы Иован Дивякты қорғап шықты.

Австрия соты жұма күні оны ұстап, экстрадициялау процесін қолға алғанын айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG