Accessibility links

Әзірбайжан мен Армения Таулы-Қарабах мәселесін талқылады


Армения мен Әзірбайжан билігі Ресейде келіссөздер өткізіп, аймақтағы Таулы-Қарабах жағдайын талқылады.

Армения президенті Серж Саргсян, Әзірбайжан жетекшісі Илхам Алиев және Ресей президенті Дмитрий Медведев үшеуі бірлесіп таратқан мәлімдемесінде, Сочидегі кездесуден кейін даулы аймақтағы мәселелерді бірлесіп бейбіт шешуге ниет танытамыз делінген.

Олар Таулы-Қарабахтағы қақтығыстарда өткен жылы 20 әскер қаза тапқан жағдайларды тергеуге алуға келіскен.

Соңғы айларда Әзірбайжан билігі егер бейбіт келіссөздер нәтижесіз аяқталса, Қарабахты қайтарып алу үшін күш қолданатынын айтып қорқытқан. Армения болса, қандайда бір әскери әрекетке жауап қайтаратынын ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG