Accessibility links

Бахрейнде шииттер АҚШ саясатына наразылық танытты


Бүгін Бахрейн астанасы Манамадағы АҚШ елшілігі алдында шиит оппозициясын қолдаушы жүздеген адам жиналып, наразылық акциясын өткізді.

Олар "Вашингтон Бахрейндегі өзгерістерді талап еткен толқуларға Тунис пен Египеттегідей қолдау танытпай отыр" деді. Шерушілер Бахрейн билігіндегі сүннит басшылығына қарсы шықты.

Бахрейнде Американың үлкен әскери базасы бар. Вашингтон оны аймаққа Иранның ықпалын азайту үшін ұстап отыр.

Бұл елде де ақпанның 14-інен бері елде саяси өзгерістер талап еткен шерулер өтіп келеді. Жексенбі күні жүздеген адам үкіметтік мекемелер алдында наразылық шарасын өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG