Accessibility links

Түркия 5 журналистке "төңкеріс жасамақ болды" деген айып тақты


Түркия соты "елдің исламшыл үкіметін құлатпақ болды" деген күдікпен тағы бес журналистке айып тақты.

Мұның алдында екі журналист осындай айыппен қамалып, олардың астыртын әрекетке қатысы бар-жоғы тергеліп жатыр. Түркияда оппозиция мен ақпарат құралдарының көп бөлігі астыртын түрде "елде төңкеріс жасамақ болды" деген күдікпен қамауға алынып жатыр.

Анкара мүше болуды көздеп келе жатқан Еуропа Одағы, АҚШ және адам құқын қорғаушы топтар "Түркияда баспасөз өкілдерінің қамауға алынуы елдегі сөз еркіндігіне қатысты алаңдаушылықты ұлғайтып отыр" деді.

Түркия маусым айында парламент сайлауын өткізеді. Онда премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның "Әділет және даму партиясы" үкіметті үшінші мерзім басқаруды көздемек.

XS
SM
MD
LG