Accessibility links

Парижде Жак Ширактың соты өтеді


Бүгін Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың соты басталады. Бұл - Францияда бұрынғы президенттің сотқа тартылып отырған алғашқы оқиғасы.

Ширакқа 1990 жылдары Париж қаласын басқарған кезде өзінің саяси партиясына қаржы табу үшін жалған жұмыс орындарын құрған деген айып тағылған. Жак Ширак ол айыптарды мойындамай отыр.

78 жастағы бұрынғы президент Ширак егер айыпты деп табылса, 10 жыл түрме жазасын алып, 150 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG