Accessibility links

Пәкістанның шығысында жарылыс болды


Пәкістанның Файсалабад қаласындағы жанармай бекетінде болған жарылыстан кемінде 13 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды. Жарылысқа не себеп болғандығы әзірше белгісіз.

Жергілікті ресми өкілдердің айтуынша, көлікке тиелген бомба жарылған болуы мүмкін. Кей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс Пәкістан барлау агенттігі кеңсесі жанында болған.

Файсалабад - Пенджаб уәлаятындағы негізгі өнеркәсіп орталығы.

Пәкістан қалаларында көптеген шабуылдарды негізінен "Әл-Қаида" мен "Талибан" бүлікшілері жасайды. Олар қауіпсіздік күштерін жиі нысанаға алады. Алайда мұндай шабуылдардың көбі ауған шекарасына жақын Пәкістанның солтүстік-батысында жасалады, ал елдің шығысындағы Файсалабадта жарылыстар жиі бола бермейді.
XS
SM
MD
LG