Accessibility links

Сербия мен Косово өкілдері кездеседі


Сербия мен Косово өкілдері бүгін Брюссельде алғашқы тікелей келіссөздерін өткізеді.

Приштина 2008 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Алайда Белград Косовоның тәуелсіздігін мойындамаған.

Бельгиядағы келіссөздерге Еуропа Одағы арағайындық жасайды. Онда практикалық мәселелер көтеріледі деп хабарланып отыр.

Әлемдегі 75 мемлекет, оның ішінде АҚШ пен Еуропа Одағының көптеген мүшесі Косовоны тәуелсіз ел деп мойындайды. Ресей мен Қытай Косовоның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG