Accessibility links

АҚШ: Саудиялықтардың бейбіт шеру өткізу құқығы бар


АҚШ-тың айтуынша, саудиялықтадың бейбіт наразылық шеруін өткізуге құқығы бар.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Филип Кроулидің мәлімдеуінше, АҚШ бәріне ортақ құқықтарды, оның ішінде бейбіт жиын өткізу мен сөз бостандығын қолдайды.

Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы ел - Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі кез келген шеруге тыйым салған болатын. Басқа да Араб мемлекеттеріндегі наразылық шараларынан жігерленген шииттер соңғы күндері осы патшалықта бірнеше шеру өткізді. Сонымен қатар интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісі арқылы наурыз айында тағы да екі шеру ұйымдастыру туралы шақырулар айтылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG