Accessibility links

Йемен полициясы шерушілерді тарату үшін оқ атты


Бүгін Йемен полициясы мыңдаған шерушіні қуып тарату үшін оқ атты. Йеменнің Шабуа мен Дхамар уәлаяттарында ондаған мың адам жиналып, елді 33 жыл басқарып отырған президент Әли Абудлла Салехтің биліктен кетуін талап етті.

Сонымен қатар сейсенбі күні елдің қарулы күштері Сана қаласына орналастырылды. Дүйсенбі күні Салех ұлттық диалогты бастауға шақырды, бірақ бұған қарамастан наразылық танытушылар үкіметке қарсы шерулерін жалғастырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG