Accessibility links

Араб лигасы Ливияға қатысты төтенше жиын өткізбек


Араб лигасының сыртқы істер министрлері Ливиядағы жағдайды талқылау үшін сенбі күні төтенше жиын өткізеді. Басында бұл жиын жұмаға белгіленген болатын.

Ливияны ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқан Муаммар Каддафиді биліктен кетіруді көздейтін күштер мен Каддафидің әскерилері арасындағы шайқастар жалғасып жатыр.

Сейсенбі күні Ислам конференциясы ұйымы Ливияда ұшақтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық шақыруларға қосылды.
XS
SM
MD
LG