Accessibility links

Египетте копт христиандарының наразылығы кезінде бір адам мерт болды


Египет астанасы Каир қаласында сейсенбі күні копт христиандары мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстан бір адам өліп, жиырма шақты кісі жараланды.

Каир маңындағы Хелван шіркеуіне жексенбі күні от қойғандардың ісіне наразылық білдіріп шыққан копт христиандары қаладағы маңызды автожолдардың бірін жауып тастаған еді. Жолдан өтуге әрекет жасаған автокөлік жүргізушілерімен қақтығыста бір копт христианы қаза болды.

Египет тұрғындарының 10 пайызын құрайтын копт христиандары өздерін мұсылмандардың кемсітетіні туралы жиі шағымданады. Қаңтар айында елдің солтүстігіндегі Александрия қаласындағы копт шіркеуінде мұсылман жанкешті жарылыс жасап 23 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG