Accessibility links

Австралияда бірнеше қаланы су басты


Австралияның солтүстік-шығысында жауған нөсер селге ұласып бірнеше қаланы су басып қалды.

Табиғи апаттың салдарынан солтүстіктегі Квинсленд штатындағы Куранда қаласында бір адам қаза болды. Билік орындары эвакуация орталығын ұйымдастырды.

Ақпан айында Австралияның солтүстік-шығыс жағалауына төнген «Яси» циклоны салдарынан бір адам мерт болған еді. Қаңтар айында Квинсленд штатында бірнеше күн бойы үздіксіз жауған қалың жаңбырдың соңы қатты селге ұласып тұрғындар қатты зардап шеккен болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG