Accessibility links

Пәкістанда жерлеу рәсімі кезінде жарылыс болды


Пәкістан полициясының хабаралуынша, бүгін елдің солтүстік-батысында жерлеу рәсімі өтіп жатқанда бомба жарылысы болып, кемінде 20 адамның өмірін қиды.

Полиция бұл шабуылды жанкешті жасаған болуы мүмкін деді. Бұл жарылыс Пешевар қаласына жақын маңда болды.

Жергілікті билік өкілдері шабуыл талибанға қарсы күресіп жүрген тайпа әскерінің әйелі жерленіп жатқанда болды деді. Бұл аймақтағы әскерилер талибан жасақтарының нысанасына жиі алынып келеді.
XS
SM
MD
LG