Accessibility links

Ауғанстандағы бейбіт тұрғындар шығыны рекордтық деңгейге жетті


БҰҰ-ның хабарлауынша, Ауғанстандағы соғыс кезінде өмірі қиылған бейбіт азаматтар саны өткен жылдан әлдеқайда жоғары болып отыр.

Ұйымның Ауғанстандағы миссиясы жасаған, қақтығыстағы бейбіт шығындар жайлы жылдық есепте 2010 жылы құрбан болғандар 2700-ге жеткені көрсетілген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары болып отыр. Бұл кісі өлімінің 75 пайызы бүлікшілер қолынан болған. Ауғанстандағы шетелдік күштер мен үкімет жасақтарына 16 пайыз адам шығыны тиесілі болса, 9 процент кісі өліміне жауапкершілік алынбаған.

Адам ұрлау оқиғалары да екі есеге өсіп, қақтығыстар оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарай тараған. Бірақ БҰҰ-ның есебінде алаңдаушылық тудырып отырған ең үлкен мәселе ретінде, үкімет мүшелеріне, НАТО бастаған күштерге және гуманитарлық топтар қызметкерлеріне қарсы қастандық әрекеттері көбейгені айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG