Accessibility links

Таулы-Қарабах маңында әзірбайжандық баланы атып өлтірген


Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бүгін Армения мергені даулы аймақ Таулы-Қарабах маңында тоғыз жасар баланы атып өлтірген.

Министрлік өкілінің айтуынша, сейсенбі күні Армения басып алған аймақта оққа ұшып, басынан жараланған бала ауруханаға апара жатқанда үзіліп кеткен.

Қарабахтің жікшіл билігі ондай хабарды жоққа шығарып отыр. Бұл жыл басынан бері екі елдің арасындағы даулы аймақта болған бесінші кісі өлімі.

Тараптар 1994 жылғы Қарабах соғысынан кейін жасалған атысты тоқтату келісімін бұзды деп бірін-бірі айыптайды.

Халықаралық арағайын елдер екі елдің арасындағы қақтығысқа алаңдаулы екендерін айтты.
XS
SM
MD
LG