Accessibility links

Әл-Барадей: Демократиялық өзгерістер болса ғана президент сайлауына түсемін


Египеттегі оппозиция қайраткерлерінің бірі, Нобель сыйлығының иегері Мұхаммед әл-Барадей елдегі президент сайлауына қатысатыны туралы мәлімдеме жасады.

Әйткенмен ол тек елде түбегейлі демократиялық реформалар жүзеге асырылған жағдайда ғана өз кандидатурасын ұсынатындығын ескертті.

Ол Египет Конституциясына президенттің өкілеттік мерзімін қысқартуды көздейтін өзгеріс енгізу туралы әскери кеңестің ұсынысын "жеткіліксіз" екендігін айтып, наурыздың 19-ына белгіленіп отырған референдумде оған қарсы дауыс беретіндігін мәлімдеді.

Әл-Барадей президент сайлауына дейін елдің жаңа Конституциясын әзірлеп қабылдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG