Accessibility links

«Форбс»: Ресейде миллиардерлер саны 100-ден асты


«Форбс» журналы 2010 жылы Ресей астанасында 79 миллиардер болғанын жазады. Екінші орында - АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы, онда 58 миллиардер тұрады.

Жыл сайынғы дәстүрі бойынша, әлемдегі ең бай адамдардың кезекті рейтингін жариялаған басылымның деректеріне сәйкес былтыр Ресейде миллиардерлер саны 101 адамға жеткен. Содан бір жыл бұрын Ресейде 62 миллиардер бары жазылған еді. Қытайда ең дәулеттілер қатары екі есе ұлғайыпты, қазір ол елде 115 миллиардер бар екен.

Жалпы жер бетінде байлығы 1 миллиард доллардан асатындар саны 1210 адам, көпшілігі - АҚШ азаматтары.

Әлемдегі ең бай адам ретінде осымен екінші жыл қатарынан мексикалық алпауыт Карлос Слимнің есімі аталып отыр, оның дәулеті 74 миллиард доллар деп бағаланады. «Майкрософт» фирмасының негізін қалаған Билл Гейтс - екінші, ал инвестор Уоррен Баффет - үшінші орында деп жазады «Форбс» журналы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG