Accessibility links

Йемен президенті жаңа конституцияны әзірлеуге шақырды


Йемен президенті Әли Абдулла Салех оппозицияның талаптарын орындау мақсатында жаңа конституцияны әзірлеуді ұсынды. Бүгін теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Салех сайлау өткізуге дайындалу үшін жаңа конституцияға тиімді парламенттік билікке кепілдік беретін өзгерістер енгізуге шақырды.

Оппозиция баспасөз хатшысының айтуынша, Салехтің ұсынысы наразылық танытушылардың талабына сай келмейді және бұл әрекет "тым кеш" жасалып отыр.

Йеменде бірнеше аптадан бері үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр. Наразылық танытушылар 32 жыл елді басқарып отырған Салехтің биліктен кетуін талап етіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG