Accessibility links

Франция Ливияның оппозициялық кеңесін мойындады


Франция Ливия халқының заңды өкілі ретінде Ливияның оппозициялық ұлттық кеңесін мойындады. Бұл туралы бүгін президент Николя Саркозидің кеңсесі хабарлады. Франция - мұндай қадамға барып отырған алғашқы ел.

Франция Муаммар Каддафиге қарсы күштердің бақылауындағы Бенгази қаласына өз елшісін жіберетінін және Парижде ливиялық өкілді қабылдайтынын айтты.

Бұл жөнінде Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі кездесуінен кейін мәлім болып отыр.
XS
SM
MD
LG