Accessibility links

АҚШ күштері Карзайдың туысын "қателесіп" өлтірген


АҚШ күштері Ауғанстандағы бір үйге шабуыл жасап, президент Хамид Карзайдың немере інісін өлтірген. Бұл туралы елдің оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятының Данд ауданы әкімі хабарлады. Оның айтуынша, Хажи Яр Мохаммад Хан сәрсенбі күні кешке рейд барысында қаза болған.

Қандағар уәлаятының кеңесін басқаратын президенттің інісі Ахмад Уали Карзай Ханның өлімін растап, АҚШ әскерилері оны қателесіп өлтірген деп атап көрсетті.

Бұған дейін Карзай шетел күштерінің қарапайым азаматтарды өлтіруін сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG