Accessibility links

Путин АҚШ пен Ресей арасында виза тәртібін жоюды ұсынды


Премьер-министр Владимир Путин Ресейге сапармен барған АҚШ вице-президенті Джо Байденға екі ел арасындағы виза тәртібін жою үшін тарихи қадам жасауды ұсынды.

"Егер Ресей мен АҚШ Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы виза тәртібінің жойылуы алдында солай жасауға келіссе, ол Ресей-АҚШ қарым-қатынастарының дамуында тарихи қадам болар еді. Бұл Ресей мен АҚШ арасындағы барлық ескі стереотиптерді жояр еді", - деді Путин.

АҚШ вице-президенті Путинмен келіссөздерінің алдында адам құқығын қорғаушылармен кездесті. Бүгін Байден Мәскеу мемлекеттік университетінде екі елдің қарым-қатынастарына қатысты мәлімдеме жасайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG