Accessibility links

Джозеф Байден Ресейді бизнеске қолайлы ахуал жасауға шақырды


АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Ресейді бизнеске қолайлы ахуал туғызып, саяси бақылаудан босатуға шақырды.

Ол Ресейдегі коррупция мен сот жүйесінің қазіргі жағдайы елге инвесторлардың келуіне «негізгі бөгет» болып отырғандығын атап көрсетті.

Барак Обаманың әкімшілігі Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ниетін қолдайтындығын айтқан вице-президент «қырғи-қабақ соғысы» кезінде Ресейге қатысты америкалық заңнамаға енгізілген «Джексон-Вэник шектеулерін» алып тастауға Ақ үй Конгресті көндіруге тырысады деп сендірді. Бұл шектеулер Ресеймен сауда-саттыққа тұсау болып отыр.

Сонымен бірге Джозеф Байден елге инвестициялар құйылуы үшін ең әуелі Ресейдің өзі бірқатар өзгертулер жасауға күш жұмсауы тиіс деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Джо Байденмен кездесуде Ресей премьер-министрі Владимир Путин екі ел арасындағы виза тәртібін жою үшін «тарихи қадам жасауды» ұсынған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG