Accessibility links

Ауғанстанда Құндыз провинциясының полиция бастығын өлтіріп кетті


Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында өзін өзі жарған жанкештінің шабуылынан жергілікті полиция бастығы қаза тапқан.

Провинция губернаторының хабарлауынша, суыт оқиға полиция бастығы Абдул Рахман Сайедхили полицияның бір топ офицерімен бірге инспекциялық тексеруге шыққанда болған.

Полицияның деректері бойынша, жарылыстан тағы екі адам мерт болып, оншақты кісі жараланған.
XS
SM
MD
LG