Accessibility links

Қызылағаш ауылында былтырғы апат құрбандарына ас берілді


Бүгін Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының тұрғындары былтыр наурыздың 12-іне қараған түні болған апатта опат болғандардың рухына бағыштап ас берді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Ақсу ауданының әкімі Әскербек Дүйсембаев хабарлады.

Жұма күні тұрғындар апат құрбандарына тұрғызылған ауылдағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза болғандардың рухына бағыштап құран оқыды.

Ресми деректер бойынша, Қызылағаш су қоймасының жарылуы салдарынан болған апаттан 45 адам қаза болған.

Бұл оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істі қараған сот биыл ақпан айында апатқа кінәлі деп танылған су бөгетінің иесі, «Қызылағаш» кооперативінің басқарма төрағасы Қуаныш Бекеевті, Қызылағаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі Есет Жүнісов пен оның інісі – «Қызылағаш» кооперативінің директоры Мұхит Жүнісовті бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
XS
SM
MD
LG